ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының басшылық ісін Диас Сулейменов қолына алды | Диас Сулейменов возглавил Национальную Лыжную Ассоциацию РК

Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының басшылық ісін Диас Сулейменов қолына алды.

     Бүгін Алматыда Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің өкілдері, спортшылар мен жаттықтырушылар, қауымдастық құрамына кіретін: шаңғы жарысы, тау шаңғы спорты, фристайл және сноуборд, тұғырдан шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы спорттық федерацияларының бірінші басшылары қатысты.

Отырыс аясында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы» ҚН ЗТБ мүшелерінің Жалпы жиналысы өткізілді, оған қатысушылар қауымдастықтың 2019 жылғы қызметіне қатысты мәселелері мен спорт нәтижелерін қарастырды, ағымдағы міндеттерді талқылады және басқару органдарын қайта сайлады.

Жалпы жиналыстың бірауызды шешімімен ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының Президенті болып Сулейменов Диас Тулеутаевич сайланды.

Диас Сулейменов ұзақ жылдар бойы Қазақстан спортының дамуына белсенді араласып келеді, 10 жылдан астам уақыт бойы астаналық бокс федерациясын басқарды, қазіргі уақытта Паралимпиадалық қозғалыстың ауқымды жобаларын іске асыруына белсенді жұмыс істеуде және ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің вице-президенті болып табылады.

«Мен Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне және сіздерге, құрметті әріптестер, сенім білдіріп, жауапты лауазымға сайланғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен бұл мүмкіндікті жоғары бағалаймын және біздің елімізде қысқы спорт түрлерін жан-жақты дамыту үшін бар күшімді саламын. Әлемдік олимпиадалық қозғалыста шаңғы спорт түрлері жетекші орындарда. Біздің міндетіміз - қазақстандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінен сапалы жаттығуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жақсы жағдай жасау», – деп, Диас Сулейменов өз сөзінде осындай басымдықтарды белгіледі.

Қазақстандық кәсіпкер Еркин Нурельдаемович Татишев тау шаңғы спорты, фристайл және сноубордты дамыту бойынша Қауымдастығының Вице-президенті болып сайланды.

Сондай-ақ, отырыста жаңа жарғы мен тексеру комиссиясының құрамы бекітілді.

Диас Сулейменов возглавил Национальную Лыжную Ассоциацию Республики Казахстан

     Сегодня в Алматы состоялось заседание Национальной Лыжной Ассоциации Казахстана, в котором приняли участие представители Национального Олимпийского Комитета Казахстана, спортсмены и тренеры, первые руководители, входящих в состав ассоциации, федераций по видам спорта: лыжные гонки, горнолыжный спорт, фристайл и сноуборд, прыжки на лыжах с трамплина и лыжное двоеборье.

В рамках заседания проведено Общее собрание членов ОЮЛ ФА «Национальная Лыжная Ассоциация РК», участники которого рассмотрели вопросы деятельности ассоциации за 2019 год, достигнутые спортивные результаты, были обсуждены текущие задачи и проведены перевыборы руководящих органов.

Единогласным решением Общего собрания президентом Национальной Лыжной Ассоциации РК был избран Сулейменов Диас Тулеутаевич.

Диас Сулейменов на протяжении многих лет принимает активное участие в развитии казахстанского спорта, более 10 лет возглавлял Столичную федерацию бокса, в настоящее время активно работает в реализации масштабных проектов паралимпийского движения, является вице-президентом Национального Паралимпийского Комитета РК.

«Хочу поблагодарить Национальный Олимпийский Комитет Казахстана и вас, уважаемые коллеги, за доверие и избрание на этот ответственный пост. Высоко ценю предоставленную возможность и приложу все усилия для всестороннего развития зимних видов спорта в нашей стране. Лыжные виды спорта во всемирном олимпийском движении занимают ведущие позиции. И наша задача создать наилучшие условия для качественной подготовки и достижения казахстанскими спортсменами высших спортивных результатов в зимних видах спорта» - такие приоритеты обозначил в своем выступлении Диас Сулейменов.
 
Вице-президентом Ассоциации по развитию горнолыжного спорта, фристайла и сноуборда избран казахстанский бизнесмен Еркин Нурельдаемович Татишев.

Также, на заседании были утверждены новый устав и состав ревизионной комиссии.