Фристайлдан Әлем Кубогы

2023 жылғы 17-19 наурыз аралығында Алматыда фристайлдан Әлем Кубогы өтті

Могул -қиындығы кедір-бұдыр беткейден уақытқа түсуден және трамлиннен секіруден тұратын, шанғы фристайлының санаты. Бейжінде өткен қысқы Олимпиада ойынарында бұл әлем бойынша көрсетілім кезінде ең көп көрілген санат.

Могул қысқы Олимпиаданың ең әсерлі спорт түрлерінің бірі.

Спортшының өнер көрсетуін бағалау өлшемдері: Бұрылуын бағалау (могул техникасы) - 50%, секіруін бағалау - 25%, жылдамдығын бағалау - 25%

Төрелікті жеті төреші және бір бас төреші жүргізеді. Бес төреші бұрылуын, екеуі - секіруін бағалайды. Жылдамдықты бағалау электронды уақыт жүйесімен есептеледі.

Жарыстың ресми демеушілері мен серіктестері "Самұрық Қазына "АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры болды..