Жанбота Алдабергенова Алматы облысындағы шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңінде үшінші орын алды | Жанбота Алдабергенова стала третьей на Этапе Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплине лыжная акробатика в Алматинской области

28 ақпан, Алматы облысы.

28 ақпанда Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау-шаңғы курортында ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңі аясында атлеттер шабыстары өтті.

Надя Мохнатская трассадан мінсіз өтіп және 73.66 ұпай жинап, шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының қазақстандық кезеңінде бірінші болып келді. Надядан 0.58 ұпай кем жинаған американдық Меган Ник (73.08 баллов) екінші болып келсе, қазақстандық Жанбота Алдабергенова 71.20 жалпы ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Біліктілік нәтижелері бойынша Акмаржан Калмурзаева төртінші орынға ие болып, Аяна Жолдас біліктілік сынақтың сегізінші жолына орналасты. Осылайша үш қазақстандық спортшы қыз Қазақстандағы Кезеңнің финалына өтті.

Ерлер арасында Швейцариядан келген спортшы Пирмин Вернерден 3.62 ұпай артық жинап (117.65 ұпай), трассаны 121.27 жалпы ұпаймен еңсерген АҚШ спортшысы Кристофер Лиллис жеңіске жетті. Үшінші орынға Павел Дик (Беларусь, 111.37 ұпай) орналасты.

Қазақстандық құрама өкілі Ильдар Бадрутдинов біліктілік сынақтар нәтижелері бойынша 10 жолға шығып финалға өтті. Финал аяқталған соң қазақстандық атлет 56.04 жалпы ұпаймен 12 орынға ие болды.

Марапатау салтанатында жеңімпаздарға медальдарды «ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы» ҚН ЗТБ
президенті Сулейменов Диас, «ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы» ҚН ЗТБ Еркин Татишев, сондай-ақ Alina Компаниялар Тобының Президенті, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka Бас директоры Ерлик Балфанбаев тапсырды.

«Қазақстан үшін осы сияқты жарыстарды өткізу – бұл біздің елімізде қысқы спорт түрлерін жан-жақты дамытудың керемет мүмкіндігі, себебі бүкіләлемдік олимпиада қозғалысындағы спорттың шаңғы түрлері алдыңғы орында тұр. Егер былтырғы жылы Қазақстан тек қана Шымбұлақта могулдан жарыстарды ғана қабылдаған болса, биыл оған қосымша «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» нысаны және жаңа дисциплина қосылды. Бұл елімізде шаңғы қозғалысының дамып келе жатқанын және халықаралық спорт алаңында Қазақстанға қызығушылықтың артып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өз тарапымнан барлық жеңімпаздарды тағы бір рет құттықтаймын және Шымбұлақ Тау-шаңғы курортында 1 наурызда өтетін параллельді могул бойынша жарыстардың мінсіз өтуін тілеймін!», – деп құттықтады жұмадағы жарыс күнінің қорытындылары жөніндегі брифингте «ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы» ҚН ЗТБ президенті Диас Сулейменов.

«Әлемдік біріншілікте өнер көрсету үнемі әсерлі болады, әсіресе егер белгілі бір трассада алғаш рет сырғанап жатқан болсаң. Бірақ бізді өте жақсы қарсы алды, өз үйімізде жүргендей сезінуге мүмкіндік берді, сондықтан толқу сезімін жеңуге көп көмек тигізді. Алған әсерімізді айтып жеткізу қиын, келесі жылы қуана-қуана қайта келемін!», - деді АҚШ фристайл бойынша Ұлттық құрама командасының мүшесі Кристофер Лиллис.

«Қазақстандық кезеңнің мен үшін нәтижелі жарыстың бірі ретінде ешқашан ұмытпаспын! Осы жеңісімді өз отбасыма арнаймын! Бәрі өте жақсы өтті және мен осы қонақжай мемлекетке міндетті түрде тағы келемін», - деді брифингте Украинаның шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан Ұлттық құрама командасының мүшесі Надя Мохнацкая.

«Бүгінгі алған стартым сәтті түсті. Қиын болды: біліктілік кезінде күн ашық болды, кейін аздап қар жауды және тұман түсті. Әрине, біздің жылдамдығымыз бен секіруімізге бұл да әсер етеді. Соған қарамастан мен бәрін ойдағыдай жасадым және тұғырдан орын алдым. Маған жарыстың Қазақстанда өткені де көп көмектесті – бұл ерекше қолдау. Бәріне көп рақмет», - деді Қазақстанның шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан Ұлттық құрама командасының мүшесі Жанбота Алдабергенова.

Өз кезегінде, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) рейс-директоры Джо Фитзгеральд: «Бүгін керемет жарыс болды және мен оның нәтижесі мен дайындығына ризамын!» - деп өз пікірін қосты.

2019/2020 маусымының 6 жарысының 5-уінің нәтижелері бойынша шаңғы акробатикасында ерлер арасындағы маусым көшбасшысы Швейцариядан келген Ноэ Рот болды (286 ұпай). Екінші орынды ресейлік спортшы Максим Буров (273 балла) иеленсе, үшінші орынға 260 ұпаймен Пирмин Вермер шықты.

Әйелдер арасындағы жалпы есепте 369 жалпы ұпай санымен Лора Пилл (Австралия) көшбасшы болып отыр, екінші орынды 325 ұпаймен Ксю Ментау (Қытай), үшінші орынды 260 ұпаймен Беларусьтен келген Александра Романовская қанжығасына байлады.

28 февраля, Алматинская область.

28 февраля в ГКО Oi-Qaragai Lesnaya Skazka прошли заезды атлетов среди мужчин и женщин в рамках Этапа Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплине лыжная акробатика .

Надя Мохнатская стала первой на казахстанском Этапе Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплине лыжная акробатика, отлично пройдя трассу и набрав 73.66 баллов. Уступила Наде 0.58 баллов американка Меган Ник (73.08 баллов), на третьем месте Жанбота Алдабергенова из Казахстана с общим количеством баллов 71.20.

По результатам квалификации Акмаржан Калмурзаева заняла четвертое место, а Аяна Жолдас расположилась на восьмой строчке квалификационного зачета. Таким образом три казахстанские спортсменки прошли в финал Этапа в Казахстане.

Среди мужчин победу одержал спортсмен из США Кристофер Лиллис, преодолевший трассу с общим количеством баллов 121.27, обогнав спортсмена из Швейцарии Пирмина Вернера на 3.62 балла (117.65 баллов), на третьем месте финишировал Павел Дик (Беларусь, 111.37 баллов).

Представитель казахстанской сборной Ильдар Бадрутдинов по результатам квалификационных заездов занял 10 строчку и прошел в финал, по завершению которого казахстанский атлет занял 12 место с общим количеством баллов 56.04.

Медали на церемонии награждения победителям вручили президент ОЮЛ ФА «Национальная Лыжная Ассоциация» Сулейменов Диас, ОЮЛ ФА «Национальная Лыжная Ассоциация» Еркин Татишев, а также президент Группы Компаний Alina, генеральный директор Oi-Qaragai Lesnaya Skazka Ерлик Балфанбаев.

«Для Казахстана проведение подобных соревнований – это отличная возможность всестороннего развития зимних видов спорта в нашей стране, ведь лыжные виды спорта во всемирном олимпийском движении занимают ведущие позиции. Если в прошлом году Казахстан принимал у себя только соревнования по могулу на Шымбулаке, то в этом году прибавился дополнительный объект «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» и новая дисциплина, что говорит о развитии лыжного движения в стране и об интересе к Казахстану на международной спортивной арене. Еще раз со своей стороны поздравляю всех победителей и желаю отличных соревнований по параллельному могулу 1 марта на Горном курорте Шымбулак!», - сказал президент ОЮЛ ФА «Национальная Лыжная Ассоциация» Сулейменов Диас на брифинге по итогам соревновательного дня в пятницу.

«Выступать на мировом первенстве всегда волнительно, особенно если впервые катаешься на определенной трассе. Но нас прекрасно встретили, заставили почувствовать себя как дома, что во многом помогло побороть волнение. Впечатления великолепные, буду счастлив вернуться в следующем году!», - сказал член Национальной сборной команды по фристайлу США Кристофер Лиллис.

«Я запомню соревнования в Казахстане, как одни из самых результативных для меня! Я посвящаю эту победу своей семье! Все прошло очень хорошо, и, я буду рада вернуться в эту гостеприимную страну», - сказала на брифинге член Национальной сборной команда Украины по фристайлу в дисциплине лыжная акробатика Надя Мохнацкая.

«Мне удался сегодняшний старт. Было сложно: во время квалификации стояла солнечная погода, потом пошел небольшой снег и затем туман. Конечно, это влияет на нашу скорость и прыжки. Несмотря на это я все сделала удачно и попала на пьедестал. Мне помогло и то, что соревнования прошли в Казахстане - это невероятная поддержка. Спасибо всем большое», - сказала член Национальной сборной команды Казахстана по фристайлу в дисциплине лыжная акробатика Жанбота Алдабергенова.

В свою очередь рейс-директор Международной федерации лыжного спорта (FIS) Джо Фитзгеральд добавил: «Сегодня было отличное соревнование, и, я очень доволен результатом и подготовкой!».

По результатам 5 из 6 соревнований сезона 2019/2020 в дисциплине лыжная акробатика лидером сезона среди мужчин является Ноэ Рот из Швейцарии (286 баллов). На втором российский спортсмен Максим Буров (273 балла), а на третьем расположился Пирмин Вермер с 260 баллами.

В женском общем зачете лидирует Лора Пилл (Австралия) с общим количеством 369 баллов, Ксю Ментау (Китай) на втором месте с 325 баллами, Александра Романовская из Беларуси на третьем месте с 260 баллами.